Emirates E20 Investment Limited компаниясы Өзбекстанда жаңа жобаларды жүзеге асырады

    Агросектор 8 Noyabr 2023 840

    Үстіміздегі жылдың 7 ноябрінде Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Абу-Даби ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі мемлекеттік ұйымының бас директоры, «E20 Investment Limited» компаниясының төрағасы Саид Ал-Америмен келіссөздер жүргізді.

    Анықтама үшін: E20 Investment Limited – ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп саласына маманданған инвестициялық компания. Бұл салада 20 жылдық тәжірибесі бар. Оның құрамына Еуропа, Орталық Азия және Африкада инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын 12-ден астам еншілес кәсіпорындар кіреді.

    БАӘ тарапы Өзбекстанда соңғы жылдары жасалған өзгерістерді жоғары бағалап, Әндіжан облысында жеміс-жидек кластерін құру бойынша біріккен жобаны жүзеге асыруда көрсетілген қолдауға ризашылығын білдірді.

    Кәсіпорын 6 мың тонна өнімі мол және экспортталатын жеміс өсіруді көздейтін жобаның екінші кезеңін бастауды жоспарлап отыр.

    Сындарлы пікір алмасу барысында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, балықшылық пен ветеринария салаларындағы жаңа инвестициялық жобаларды жасау мәселелері талқыланды, деп хабарлады Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Келіссөздер соңында ынтымақтастықты одан әрі дамыту, жаңа жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруды жеделдетуде біріккен іс-шараларды қабылдауға өзара дайын екенін білдірді.