Қазір Өзбекстанда 5 пен 11 жас аралығындағы балалар да коронавирусқа қарсы екпе алады

    Денсаулық 20 Yanvar 2022 1792

    Бұл туралы АОКА-да өткен брифингте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау инспекциясы бастығының орынбасары Нұрмат Отабеков мәлімдеді:

    «21 сентябрьден бастап 12 жастан 18 жасқа дейінгі балалар Pfizer вакцинасын алады. Нәтижеде, осы жас аралығындағы 800 мыңға жуық адам осы уақытқа дейін екпе алды.

    Қазір елімізде 5-11 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау бойынша арнайы нұсқаулық дайындалды. Оларға «Pfizer» вакцинасының 0,1 мл литр дозасында екпе егіледі. Мұнда 6 дозалық вакцинаны тиімді пайдалану үшін бір мезгілде 18-20 баланы жинап, бірден екпе салу көзделген.

    COVID-ке қарсы вакцина егілгендер саны енді 5 жастан жоғары тұрғындардың статистикасымен жүргізіледі.

    Мемлекеттік ұйымдарда 50 мыңнан астам, шаруашылық жүргізу субъектілерінде 20 000-нан астам екпе алмаған азаматтар бар. Олар да вакцинация үдерісіне қатысуы қажет ».

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates