Енді еңбек келісімшарты электронды түрде жасалады

    Министрлер Кабинетінің 2024 жылғы 27 декабрьдегі 891-санды қаулысына сәйкес, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек келісімшарттары «Бірыңғай ұлттық еңбек жүйесі» кеңсеаралық бағдарламалық-аппараттық кешен («БҰЕЖ» IDAK ) арқылы электронды түрде жасалады.

    Еңбек келісімшарттары жұмыс беруші тарапынан қалыптастырылады және тараптар арасындағы келісімі бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаны (ERI) пайдалана отырып қол қояды.

    Қызметкер қол қойылған электрондық еңбек шартын Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталындағы (my.gov.uz) жеке кабинеті арқылы жүктей алады.

    Еңбек келісімшарттарын электронды тіркеу нәтижесінде:

    — жұмыс берушілерге қолайлы жағдай жасалады;

    — үдеріс жеңілдетіледі, бейресми жұмыспен қамту азайады;

    — еңбек келісімшартының заңдылығын бақылауға мүмкіндік болады және қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол берілмейді.