Мемлекеттiк органдарға немесе қызметкерлердiң өкiлдiк органдарына сайланғаны үшiн жұмыстан босатылған қызметкерлерге өкiлеттiгi тоқтатылғаннан кейiн бұрынғы жұмысы (лауазымы) берiледi, ал мұндай жұмыс (лауазымы) болмаған жағдайда басқа тең жұмыс (лауазымы) берiледi.
Әскери қызметке шақырылған қызметкер әскери қызметтен запасқа бостылған немесе демалысқа шығарылғанна кейін, бұрынғы жұмыс орнына бостылғанынан бастап 3 айдан кешіктірмей өтініш берсе, жұмысқа орналасуда үсем құқыққа ие болады.
Ұйым қайта ұйымдастырылған кезде әскери қызметтен босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыруды ұйымның құқықтық мирасқоры, ұйым тоқтатылған кезде жергiлiктi еңбек органы жүзеге асырады.
Жоғарыда көрсетілген кепілдіктермен қызметкерлерге жұмыс беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, жергілікті еңбек органы оларды жұмысқа орналастыруды, қажет болған жағдайда тегін кәсіпке даярлау, қайта даярлаудан және біліктілігін арттыруы қажет болады.
Егер ұйымда штат қысқартылғаннан кейін 6 ай ішінде бос жұмыс орны ашылса, штатты қысқарту нәтижесінде жұмыстан босатылған қызметкерлер жаңадан пайда болған жұмыс орнына қабылдануы тиіс.