Мемлекеттік органда немесе ұйымда қызметкерлерді қысқарту нәтижесінде жұмысшылар қысқартылған кезде біліктілігі мен өнімділігі жоғары қызметкерлер жұмыста қалдырылады.
— Біліктілігі мен еңбек өнімділігі бірдей болғанда Еңбек кодексінің 167-бабына сәйкес төмендегі қызметкерлерге артықшылықтар беріледі:
— қарамағында екі немесе одан да көп адамы бар қызметкерлерге;
— отбасында тәуелсіз еңбек ақы алатын басқа жұмыскерлері жоқ тұлғаларға;
— осы жұмыс берушіде ұзақ мерзімді жұмыс өтеліне ие болған қызметкерлерге;
— өндірістен бөлінбей жоғары және орта арнаулы, кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек келісімшартына орай тиісті мамандық бойынша өз біліктілігін арттыратын қызметкерлерге және өдірістен тыс жоғары оқу орны, кәсіптік білім беру ұйымдарын бітірген тұлғаларға оқуды бітіргеннен соң мамандығы бойынша істеу шартымен үш жыл барысында;
— осы ұйымда жұмыста мүгедек болған немесе кәсіптік аурумен ауыратын тұлғаларға;
— мүгедектерге;
— 1941-1945 жылдардағы соғысқа қатысушыларына және жеңілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға;
— еңбектегі жетістіктері үшін ынталандыруларға ие болған және тәртіптік жазасы жоқ қызметкерлерге;
— атом нысандарындағы апаттар салдарынан зардап шеккен адамдарға.
Сондай-ақ, егер қызметкер ұсынылған жұмыстан бас тартса, жұмыс берушіде басқа жұмыс болмаса, сондан соң қызметкер жұмыстан босатылады.