Энергетикалық базар ырықтандырылады

    Энергия 7 Fevral 2022 2078

    Президенттің 2022 жылғы 28 январдағы «Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған даму стратегиясы туралы” ПФ-60-санды Жарлығымен 2022 жылға арналған Мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Оған негізінен Өзбекстанда энергетикалық ресурстар мен табиғи газ базарларының әлеуметтік қорғау кепілдіктерін белгілеу арқылы ырықтандырылады.

    Жарлыққа сәйкес, 2022 жылға қарай энергетика саласына базар механизмдерін енгізудің құқықтық базасы жаратылады.

    Бағдарламада, энергетика саласына жекеменшік инвестицияларды кеңінен тарту және мұқтаж тұрғындарды қорғау үшін әлеуметтік тұтыну нормаларын енгізуді көздейді.

    Бұл ретте апрель айына дейін Президент қаулысының жобасы әзірленеді. Қаулы жобасы энергетика саласында салауатты бәсекелестік ортаны дамытуға, барлық қатысушыларға тең мүмкіндіктер жасауға және бағаны қалыптастырудың ашық механизімдерін енгізуге бағытталған.

    Электр энергиясымен қамтамасыз етуде монополия жойылады және салада әлеуметтік қорғау кепілдіктері белгіленген жағдайда базар механизмі енгізіледі.

    Мұнда:

    1. «Өзбекстан Ұлттық электр желілері» АҚ электр энергиясын «бірегей сатып алушы» функциясын магистральдық электр желілерін пайдалану функциясынан ажырату арқылы, бірыңғай сатып алушы функциясын орындаушы өз алдына акционерлік қоғам құрылады;
    2. “Аумақтық электр тармақтары” АҚ-на жекеменшік операторларды жұмылдыру бойынша негізгі талаптар белгіленеді;
    3. «Узбекгидроэнерго» АҚ шағын және орта инвестициялық жобаларға жекеменшік инвесторларды тартады жеке операторларды тартуға қойылатын негізгі талаптар белгіленеді;

    Жоғарыдағыларға сәйкес: электр энергиясы мен табиғи газдың бәсекелеске қабілетті базарын реттейтін тәуелсіз орган – реттеуші, яғни регулятор бірыңғай сатып алушы ретінде әрекет ететін кәсіпорын және ұлттық диспетчерлік орталық құрылады.

    Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, халықаралық тәжірибені үйренген жағдайда 2022 жылдың апреліне дейін мұқтаж тұрғындарды қорғау үшін энергия ресурстары бойынша әлеуметтік тұтыну нормалары бойынша үкіметке ұсыныстар енгізіледі.

    Бұдан тыс, жаңа редакциядағы «Электр энергетикасы туралы» Заң жобасының (2022 жылғы сентябрьге дейін) және «Табиғи газ туралы» Заң жобасы (2022 жылғы октябрьге дейін) дайындалады; Магистралды электр желілері кодексін (Grid Code) бекіту туралы үкімет қаулысының жобасы (2022 жылдың инюніне дейін) дайындалуда.

    1. Тарату тармақтарын эксплуатациялау, тұтынушыларды жүйеге жалғау, тараптардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын, техникалық жағынан реттеу саласындағы нормативтік құжаттарды қамтитын Тарату тармақтары ережелері кодексін (Distribution Code) бекіту туралы (2022 жылғы октябрьге дейін) ;

    2.Электр энергетикасы саласындағы базар қатысушылары қызметін реттейді көздеген «Базардың заң-ережелері туралы» Үкімет қаулыларының жобалары (2022 жылғы октябрьге дейін) дайындалатын болады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates