Жарлыққа сәйкес:

электр энергиясын орталықтандырылған тәртіпте сатып алу және сату қызметін жүзеге асыратын «Узэнергосотиш» АҚ құрылады;

«Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ электр энергиясын тасымалдауға және транзитке мамандандырылған біртұтас магистрльдық электр энергиясын беру жүйесінің операторы болып белгіленді;

Энергия базарын дамыту және реттеу агенттігі (энергетикалық базардың реттеушісі) құрылады.

2024 жылдың 1 июлінен бастап электр энергиясын орталықтандырылған тәртіпте  сатып алу-сату функциясын «Узэнергосотиш» АҚ тарапынан және  магистральдық электр желілерін эксплуатация жасау функциясын «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ тарапынан толық жүзеге асырады.

2025 жылдың 1 январынан бастап «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ-ның электр энергиясын экспорттау және импорттау келісімшарттары, жеке электр станцияларымен жасалған электр энергиясын сатып алу туралы келісімдер бойынша міндеттемелері толығымен «Узэнергосотиш» АҚ-на өтеді.

2025 жылдың 1 январына дейін «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ-ның электр энергиясын экспорттау және импорттау келісім-шарттары, жеке электр станцияларымен қол қойылған электр энергиясын сатып алу туралы келісімдері «Узэнергосотиш» АҚ-ға қайтадан ресімделеді.

2024 жылдың 1 февральға  дейін халықаралық қаржы институттарының техникалық қолдауымен Электр энергиясы тарифтерін қалыптастырудың жаңа әдістемесі әзірленетін болады.

2024 жылдың 1 майға дейін «Өзбекстан ұлттық электр желілері» АҚ-ның электр энергиясын магистральдық электр желілері арқылы берудің, «Узэнергосотиш» АҚ үшін электр энергиясын сату және сатып алу тарифтері және электр энергиясы үшін келіп түсетін қаржыларды бөлудің жаңа тәртібі бекітіледі.