Энергетика министрі халықаралық өнеркәсіп көрмесінде ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

    Энергия 26 Aprel 2023 1841

    Ағымдағы жылдың 24-26 апрель күндері «Ўзекспомарказ» Ұлттық көрме кешенінде «Иннопром. Орталық Азия» үшінші халықаралық өнеркәсіп көрмесі өтіп жатыр

    25 апрельде Өзбекстан Энергетика министрі Ж.Мирзамахмудов көрме аясында Татарстан Республикасының бірқатар ірі компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.

    Кездесуде Татарстан Республикасының 10-нан астам компаниясының өкілдерімен жоғары кернеулі электр желілерін салу, кабельдік өнімдерді шығару, мұнай-газ саласындағы компрессорлық және носос станцияларын жеткізу, электромобильдер мен электробустар үшін зарядтау станцияларын орнату және басқа да бірқатар бағыттарда келіссөздер жүргізілді.

    Келіссөздер соңында тараптар біріккен жол картасын әзірлеуге келісті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Анықтама үшін: Көрмеге түрлі елдерден 300-ден астам компания қатысуда. Өзбекстан, Ресей, Беларусь елдері өздерінің ұлттық экспозицияларын көрсетуде. Көрме аясында бүгінге дейін 30-дан астам ірі іскерлік шаралар мен 500-ден астам кездесулер өткізілді.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates