Алғашқы кездесу Бангладеш Республикасының Ұлттық «PetroBangla»  мұнай-газ компаниясында өтті. Келіссөздер барысында «PetroBangla» компаниясының төрағасы Назмул Ахсан жаңа технологиялар мен ұңғымаларды бұрғылау тәжірибесіне, атап айтқанда, Өзбекстандағы «Мустақилликнинг 25 йиллиги»  (М-25) сутегі сульфидінің деңгейі  жоғары күрделі геологиялық жағдайларда қолданылатын тәжірибеге қызығушылық танытты. Кездесуде бұрғылау саласындағы алдағы ынтымақтастық жоспарлары талқыланды.

Дакка қаласында делегация Бангладеш Республикасының Энергетика министрі Назрул Хамидпен және осы саладағы сарапшылармен келіссөздер жүргізді. Өзбекстан делегациясының құрамында мұнай-газ өнеркәсібі мен құрылыс саласындағы «ERIELL Group» және «Enter Engineering» сияқты ірі компаниялардың басқарма мүшелері де болды.

Соңғы 10 жылда «ERIELL Group»  Бангладеш Республикасындағы бірқатар кен орындарында мұнай және газ қызметтерін көрсетуде.

Тараптар Бангладеш Республикасының мұнай-газ секторын дамытудағы, оның ішінде жаңа мұнай-газ кен орындарын игерудегі үкіметаралық ынтымақтастықтың болашақтарын талқылады.

Осыған орай, Дакка қаласында өткен кездесуде Энергетика министрі Назрул Хамид компанияның өнеркәсіптік табиғи газдың тәуліктік шығыны 600-700 мың текше метр болатын 17 барлау ұңғымасын бұрғылау және сынақтан өткізу бойынша жұмысына жоғары баға берді.

Өзбекстандық мамандардың мұнай-химия және көмірсутек шикізаты саласында мол тәжірибесі бар екені айтылды. Осыған байланысты Бангладеш мұнай барлау және қазып алу компаниясымен ынтымақтастық болашақтары ескерілді.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың газ құбырлары мен жаңғыртылатын энергия көздері саласында да әлеуеті зор.

Ынтымақтастықтың қалыптасқан оң тәжірибесін ескере отырып, қажетті бұрғылау құрылғыларының болмауына байланысты бұрын зерттелмеген түрлі кен орындарында 5500-6000 метр тереңдікте барлау ұңғымаларын бұрғылау мүмкіндігі талқыланды.

Энергетика министрі Назрул Хамид энергетика саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалап, Бангладештің Өзбекстан Республикасының көмірсутектер саласындағы, соның ішінде Бангладеш инженерлерін даярлаудағы тәжірибесін пайдалана алатынын атап өтті. Ол сондай-ақ алдағы ынтымақтастықтың толыққанды жоспарларын әзірлеу үшін елге келу ұсынысын қабылдады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.