Энергетика министрлігі “Газпроммен” қол қойылған «жол картасының» баянын жариялады

    Энергия 19 Iyun 2023 2382

    Келісімшарт аясында ағымдағы жылдың 1 октябрінен бастап тәулігіне 9 миллион текше метр табиғи газды импорттауды бастау жоспарлануда. Жылдық көлемі шамамен 2 миллиард 800 миллион текше метрді құрайды.

    Ағымдағы жылдың 16 июнь күні XXVI Петербург Халықаралық экономикалық форумы аясында Ресей газын Өзбекстанға жеткізу туралы келісімшартқа және республикамыздың газ- көлік жүйесін осы газды қабылдауға дайындау бойынша «жол картасына» қол қойылған еді.

    Газды сатып алу бойынша келісімшарт «УзГастраде» АҚ мен «Газпром экспорт» ЖШҚ арасында 2 жыл мерзімге жасалған болып, оны сенімхат негізінде Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Ж.Мирзамахмудов пен «Газпром» ААҚ басқару төрағасы А.Миллер қол қойған.

    Айта кету керек, келісімшарт толық коммерциялық шарттарда әзірленіп, республикамыздың тұтынушыларының табиғи газға жыл санап өсіп келе жатқан қажеттілігін ішінара қамтмасыз ету және күзгі-қысқы маусымды ысырапсыз өткізуге бағытталған іс-шаралардың бірі болып табылады.

    Келісімшарт аясында ағымдағы жылдың 1 октябрінен бастап тәулігіне 9 миллион текше метр көгілдір отын импорттауды бастау жоспарлануда. Жылдық көлемі шамамен 2 миллиард 800 миллион текше метрді құрайды.

    Табиғи газдың бағасы аймақтағы базар бағалары негізінде, сондай-ақ республикамыздағы қолданыстағы бағаларға және оларды базар қағидаттары негізінде қалыптастыру бойынша жүзеге асырылуы жоспарланған реформаларға байланысты келісілген.

    Жоғарыда аталған «жол картасына» сәйкес бұрынғы табиғи газ «Орталық Азия-Орталық» магистралы газ құбырлары арқылы Қазақстаннан транзитпен Ресейге жөнетілген және енді газдың реверс режімде (теріс ағымда) Өзбекстанға жеткізілуін, сондай-ақ республика аумақтарында жаңа газ өлшелейтін станцияларын құрылуын есепке алып, белгіленген. Шараларды үстімідегі жылдың сентябрь айына дейін аяқтау жоспарланған.

    Атап айтқанда, «Жол картасы» аясында республикамыздың газ-көлігі жүйесіндегі 3 газ айдау қондырғысы жаңасына ауыстырылып, 11 түрлі газ айдау қондырғысы күрделі жөндеуден өтіп, қалпына келтірілмек. 22 шақырым жаңа магистральдық газ құбыры салынып, 56 шақырым газ құбыры жөнделеді.