Халықаралық әскери ынтымақтастық байланыстарын нығайту және арнайы бөлімшелерде қызмет етудің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сайыста біздің әскерилер АҚШ Ұлттық гвардиясының Арнайы бөлімшелерінің әскери қызметшілерімен күш сынасты.
Жарыс барысында әскери қызметшілеріміз жеке құрамда дене шынықтыру сынақтарынан (6 жаттығуды қамтыған Фитнес тест), физиологиялық және психикалық зорығу жолағынан өту, түнгі уақытта 15 км қашықтықты бағдарлау, 15 кг жүкпен 20 км қашықтықта марш жүгіру, жауынгерлік және жалпы дайындық бойынша тест сынақтары, шығарма жазу (әскери ынтымақтастық тақырыбы бойынша кемінде 500-ден сөз), артиллериялық отты игеру, АҚШ үлгісіндегі оқ атар қаруларын толық емес бөліктерге жаю, жинақтау және әскери жағдайға келтіру, сондай-ақ оларды әртүрлі тәсілдермен және жағдайларда ату, медициналық дайындық, жаппай қыру құралдарынан қорғану, күтпеген (тосын) жаттығулар сияқты шарттарды нәтижелі орындады.
Әскери қызметшілеріміз 15 кг жүкпен 20 шақырымдық марш жүгіру талабын 1 сағат 54 минутта орындап, жарыс рекордын жаңартты.
Жарыста Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері жоғары интеллектуалдық әлеуетімен, физиологиялық шыныққандығымен және жеңіске деген сенімділігімен қатысушылар арасында айқын көзге түсіп, ең жоғары нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті.
Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті.