Өзбекстан әскерилері «Кембрия патрулі» халықаралық жарыстарда екінші орын алды

    Әскери шекара 13 Oktabr 2022 1956

    Өзбекстан әскерилері «Кембрия патрулі» халықаралық жарысында өткен жылғы нәтижені қайталап, екінші орынды жеңіп алды.

    Үстіміздегі жылдың 4-12 октябрь күндері Ұлыбританияның Брекон қаласында өткен барлау және арнайы бөлімшелердің «Кембрия патрулі» халықаралық жарысына әлемнің 24 елінен 144 команда қатысты. Атап айтқанда, қонақкәделік жасаған Ұлыбритания, Өзбекстан, Косово, Греция, Ирландия, Германия, Латвия, Франция, Гана, Италия, Үндістан, Польша, АҚШ, Швейцария, Литва, Нидерланды, Уэльс, Непал, Шотландия, Австралия, Пәкістан, Мексика, Албания, Чили, Қазақстан, Жаңа Зеландия қарулы күштерінің әскери барлау және арнайы бөлімшелерден құралған командалары өзара сайысқа түсті.

    Жарыста 90 км қашықтықтағы түрлі деңгейдегі қиын шарттардан құралған болып, 8-10 километрде бірнеше жауынгерлік тапсырмалар орындалды.

    Сондай-ақ, жаппай қырып-жою қаруынан қорғану құралдарын қолданып 3 км қашықтықтағы қауіпті аймақтан өту, аумақты барлау және тау өзенінен өту, жараланғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету, зардап шеккендерді түрлі тәсілдермен эвакуациялау, минадан жеке өту және топ құрамында өту, дұшпан нысанына шабуыл ұйымдастыру, кепілге алынғандарды азат ету және әскери қызметшілерді тергеу сияқты шарттарда әскери қызметшілер өз шеберліктерін сынақтан өткізді.

    Сонымен қатар, командаларға күтпеген 8 «сынақ тосынсый» тапсырмасы да берілді. Оған сәйкес, шет мемлекеттердің қару-жарағы мен әскери техникасының түрлерін анықтау, симуляциялық және байланыс құралдарының көмегімен артиллериялық оқты басқару, әскери топография нормаларын орындау, Женева конвенциясы бойынша сынақ тапсыру, барлау бойынша есептерді дайындау және құрастыру, байланыс дайындығы бойынша нормаларын орындай отырып, орындалған шаралар бойынша және кейінгі тапсырмаларды орындауға дайын екенін білдіру үдерістері де қызу өтті.

    Осылайша, жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды ұйымдастырушы ел – Ұлыбритания командасы жеңіп алса, екінші орынды ірі мемлекеттердің командаларынан асып түскен Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің командасына, ал үшінші орын Пәкістан командасына бұйырды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін, Өзбекстан Қорғаныс министрлігінің командасы осы беделді жарыстың 2019 жылғы сайысында бірінші орынды, ал 2020-2021 жылдары екінші орынды жеңіп алды.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates