Мемлекет басшысы жер қатынастарын жақсарту мәселелері бойынша кеңес өткізді

    Билік 3 Iyun 2021 4823

    Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 3 маусымда жер қатынастарын жақсарту мәселелері бойынша кеңес өткізді.

    Жер - ұлттық байлық саналады. Соңғы жылдары жер қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ете отырып, осы ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғауға ерекше назар аударылуда. Атап айтқанда, ақпараттық технологияларды енгізу арқылы жер учаскелерін беру процедурасының ашықтығы мен айқындығы артып келеді және соның негізінде саладағы бюрократиялық кедергілер жойылуда.

    Дегенмен, жер ресурстарын талан-таражға салу, заңсыз иемдену мен заңсыз сату фактілері әлі де байқалуда. Одан бөлек ауылшаруашылық жерлерін бөлу тәртібі барлығына бірдей және айқын емес.

    Мемлекет басшысы осыған байланысты кемшіліктерді сынға алып, жерді нарықтық активке айналдыру, оның экономикалық мәні мен қаржылық айналымы бойынша жұмыстарды жеделдету, жердің бөлінуі мен пайдаланылуына мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігін айтты.

    - Бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе өте күрделі. Осы саладағы заңның үстемдігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар оң нәтиже бермей тұр. Жер - адамдарды асырайтын мүлік. Біз жерге деген көзқарасты өзгертуіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.

    Жерді жеке меншікке және жалдау құқықтары, мемлекеттік ұйымдарға тұрақты пайдалану құқығы негізінде беру тәртібі енгізіледі.

    Өмір бойына мұрагерлікке ие болу, тұрақты иелік ету, уақытша пайдалану құқығымен жер учаскелерін беру сияқты талаптарға сай келмейтін тәжірибелерді жою және жер учаскелеріне құқықтардың санын 6-дан 3-ке азайту жоспарлануда.

    Ауылды жерлердегі жерлерді жеке меншікке тек аукцион арқылы сату тәртібі енгізіледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес жерлер Өзбекстан азаматтары мен заңды тұлғаларының жеке меншігіне, ал жекешелендіруге болмайтын жерлер жалдау негізінде сатылады.

    Енді әкімнің шешімі бойынша жеке меншікке жер бөлу және жерді тікелей ақысыз беру тәжірибесі жойылатын болып, облыстық және аудандық әкімдердің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің санатын өзгерту жөніндегі өкілеттіктері Министрлер Кабинеті мен Президентке беріледі.

    Сонымен қатар жиында жер саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту ұсынылды.

    Мемлекет басшысы осы салада заңдылықты қамтамасыз ету қажеттігін тағы бір атап өтті және шенеуніктерге тиісті тапсырмалар берді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates