Заң құжаттарына енгізілген қосымшаларға орай, жер асты суларына ұңғыманы заңға қайшы түрде бұрғылау әкімшілік жауапкершілікке себеп болуы белгіленді.
Сондай-ақ, жер учаскесін алғаны үшін төлем белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда – мерзімі өткен қарыздарлық оның бар екені туралы өкілетті органдар тарапынан ескерту берілген күнненбастап 6 ай ішінде жоюылмағанда жер учаскелеріне деген құқық жойылуы белгіленді.
Сонымен қатар, суармалы жерлерді жер қорының басқа санатына немесе суарылмайтын жерлер санатына өткізу бойынша нақты талаптар белгіленеді,
Салық кодексіне енгізілген қосымшаға сәйкес, жер асты су көздерінен суды өлшейтін құралсыз алған кезінде салық ставкасы белгіленген салық ставкаларының 5 еселенген мөлшерінде белгіленеді.
Бұл ереже жеке тұлғалардың жеке және шаруашылық қажеттіліктері үшін тәулігіне 5 текше метрге дейінгі көлемде жер асты суларын жеке алу жағдайларына қатысты қолданылмайды.







