Иранмен көлік саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

    Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Сайед Камол Ходиенфар басшылығындағы делегация Өзбекстанға іссапармен келді.

    Ағымдағы жылдың 10 июнінде Транспорт министрінің бірінші орынбасары Маманби Омаров делегация өкілдерімен кездесті. Кездесуде тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықтың бүгінгі жағдайы мен оны дамыту болашақтарын талқылады.

    Атап айтқанда, автомобиль транспортында халықаралық жүк тасымалы барысында ұлттық тасымалдаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, тасымалдау үшін өндірілетін алымдар мен төлемдерді паритеттік негізде белгілеу, халықаралық көлік дәліздерін дамыту мәселелері қаралды.

    Сондай-ақ Өзбекстанның көлік-экспедиторлық компанияларымен Иран аумағы арқылы жүк тасымалдаудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates