Тараптар Өзбекстан-Иран қарым-қатынастарының қазіргі жағдайын, түрлі салалардағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың келешегін талқылады.
Кездесуде сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси кеңесулер талқыланды.
Келіссөздер барысында Өзбекстан мен Иранның ауған дағдарысын шешудегі күш-жігеріне, Ауғанстандағы түрлі инфрақұрылымдық жобаларды бірлесіп жүзеге асырудағы екі елдің ынтымақтастығының негізгі бағыттарына тоқталды.
Иран тарапы Ауғанстанда ұзақ мерзімді және тұрақты бейбітшілік орнатуға белсенді үлес қосуға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.