Ертең кей жерлерде жаңбыр жауады

    Ағымдағы жылдың 19 сентябрь күні республикамызда ауа райы аздап бұлтты болады, түнде және таңертең кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы 18-32 градус жылы болады.

    Бұл туралы «Узгидромет» хабарлады.

    «Узгидрометтің» хабарлауынша, ертең Ташкентте күн бұлтты болады, түнде және таңертең жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 15-17°, күндіз 27-29° жылы болады.

    Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысында ауа-райы аздап бұлтты болады, кей жерлерде құбылмалы, жауын-шашын күтілмейді. Батыс жел бағытын өзгертіп, шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8-13°, күндіз 23-28° жылы болады.

    Бұхара және Науаи облыстары; ауа райы аздап бұлтты болады, түнде және таңертең кей жерлерде аздаған қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-17°, күндіз 25-30° жылы болады.

    Ташкент, Сырдария, Жызақ, Самарқант облыстары; ауа райы аздап бұлтты болады, түнде және таңертең кей жерлерде аздаған қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-17°, күндіз 26-31° жылы болады.

    Қашқадария облысы; ауа райы аздап бұлтты болады, түнде және таңертең кей жерлерде аздаған қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен еседі. Ауа температурасы түнде 13-18°, күндіз 27-32° жылы болады.

    Сұрхандария облысы; ауа райы аздап бұлтты, кей жерлерде құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 13-18°, күндіз 27-32° жылы болады.

    Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстары; ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-17°, күндіз 26-31° жылы болады.

    Таулы аймақтар; ауа райы аздап бұлтты болады, кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, биік таулы жерде жауын-шашын болады. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9-14°, күндіз 18-23° жылы болады.