Еуропа мемлекеттеріне экспорт көлемін арттыру мәселесі қаралды

    Ел назарында 1 Dekabr 2022 1470

    2022 жылғы 29 ноябрьде Сыртқы істер министрі В.Норовтың төрағалығымен Өзбекстан Республикасы салалар басшыларының, Олий Мажлис Сенатының тиісті комитетінің, Сауда-өнеркәсіп палатасы, Экспортты ынталандыру агенттігі және басқа да кеңселер басшыларының қатысуымен жиналыс өтті.

    Шарада Өзбекстанның Еуропа елдеріндегі елшілері бейнеконференция арқылы байланысқа шықты.

    Мақсат – Өзбекстан Президентінің 2023 жылы Еуропа елдеріне экспорт көлемін арттыру, оның ішінде GSP+ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жөніндегі тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау үшін кеңсеаралық жақыннан үйлестіру мен ынтымақтастықты қамтамасыз ету.

    Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі В.Норов алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін іс-әрекеттер мен бар мүмкіндіктерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

    Ол Еуропа елдеріне өнеркәсіп өнімдерін экспорттау көлемін 700 миллион долларға ұлғайту және тауар номенклатурасын 600 атауға дейін жеткізу бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу қажеттігіне назар аударды.

    Диалог барысында Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Д.Вахобов, «Узтўқимачиликсаноат» бірлестігінің басшысы И.Хайдаров және «Узчармсаноат» бірлестігінің басшысы Ф.Бобоев, Техникалық реттеу агенттігінің директоры Д. Саттаров және басқалар іс жүзіндік бастамалар көтерді.

    Өзбекстанның Германиядағы, Латвиядағы, Италиядағы және Польшадағы елшілері сертификаттау және стандарттау, маркетинг, кадрларды оқыту, электронды коммерция салаларында жергілікті экспорттаушылардың әлеуетін күшейту үшін еуропалық серіктестерді тарту мүмкіндіктерімен бөлісті. Көлік-логистика мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Сенаттың Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетелдік инвестициялар және туризм мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Р.Алимов аталмыш шараның маңыздылығы мен өзектілігіне тоқталып, сенаторлардың парламентаралық дипломатия арқылы алға қойылған мақсаттарға жетуге үлес қосуға дайын екендігін жеткізді.

    Шараның қорытындылары бойынша кеңсеаралық жұмысшы тобын құру және нақты міндеттер, оларды жүзеге асыру тетіктері мен мерзімдерін қамтитын «Жол картасын» жасау туралы келісімге қол жеткізілді деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.