Еуропа Одағымен ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды

    Үстіміздегі жылдың 30 январында инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Еуропа Одағының Өзбекстан Республикасындағы делегациясының басшысы Шарлотта Адрианмен кездесті.

    Күн тәртібінде – сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы қарым-қатынастарды тереңдету, Өзбекстанның ДСҰ-ға мүшелігі аясындағы ынтымақтастық және тараптарды қызықтыратын басқа да мәселелер бар.

    Диалог барысында өзара тауар айырбастаудың өсу динамикасы ерекше атап өтілді. Оның көлемі 2022 жылы 15,7 пайызға артып, 4,4 миллиард долларға жеткен. Еуропа Одағының Өзбекстанмен өзара сауда көлемі бойынша жетекші бестігіне Германия, Литва, Италия, Польша және Франция кіреді.

    Өсу тенденциялары, басқа сипаттармен бірқатар, Өзбекстанның GSP+ преференциялар жүйесінің бенефициары мәртебесіне ие болғанымен байланысты. Еуропа Одағы базарына экспорт көлемінің өткен жылмен салыстырғанда 50 пайызға жуық артып, әртараптандырылуы да осы мәртебе беретін жеңілдіктерге байланысты.

    Еуропа тарапына еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу үдерісінде, атап айтқанда Одақ тарапынан қаржыландырылған «Өзбекстанның ДСҰ-ға кіруіне жәрдемдесу» жобасын жүзеге асыру арқылы көрсетілген техникалық және кеңестік көмек үшін алғыс айтылды.

    Ерекше ретінде, екіжақты қаржылық және техникалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын кеңейту мүмкіндіктері қарастырылды. Атап айтқанда, оның жүзеге асырылуына 76 миллион еуро бөлінген 2021-2024 жылдарға арналған Еуропа Одағының Өзбекстан бойынша жаңа көпжылдық индикативті бағдарламасы қаралды. Бағдарламаның «жасыл» экономикаға көшу, тиімді мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығын қолдап-қуаттау және басқа да бағыттары Жаңа Өзбекстанды даму стратегиясына сай екені баса айтылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үстем бағыттарда ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге және көпқырлы екіжақты қарым-қатынастарды сапалы түрде дамытудың жаңа кезеңіне шығаруға ниетті екенін растады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.