Кездесу барысында Өзбекстан мен Еуроодақтың Ауғанстан дағдарысын бейбіт жолмен шешуге, сондай-ақ мемлекетке тез арада гуманитарлық және басқа да көмек көрсетуге бағытталған іс-әрекеттерді талқылады.
Томас Никлассон Өзбекстанның Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялаудағы көмегін жоғары бағалап, Ауғанстанда бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату, сондай-ақ Термізде гуманитарлық хаб ұйымдастыруда мемлекетімізбен болашақта ынтымақтастық жасауда мүдделілігін білдірді.
Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай, халықаралық қауымдастықтың мемлекеттегі жаңа билікке қатысты ортақ ұстанымын жасау, Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасты.
Ауғанстан проблемасы бойынша кеңестерді жалғастыруға өзара мүдделілік танытты, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі