Палестинадан 100 адам Өзбекстанға уақытша эвакуацияланды

    100 палестиналық жаралы әйелдер мен балалар, сондай-ақ олардың туыстары Өзбекстанға эвакуацияланды.

    Бұл туралы Өзбекстанның Каирдегі елшісі Мансұрбек Қиличев хабарлады, деп жазады “Gazeta.uz”.

    Хабарламада бұл эвакуация Президент Шавкат Мирзияевтың бастамасымен екі елдің Денсаулық сақтау министрліктерінің ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылғаны айтылған.

    Қиличевтің айтуынша, эвакуацияланған палестиналықтар елдеріне оралғанға дейін Өзбекстанда болады. Олар емделу және денсаулығын қалпына келтіру үшін оңалту орталықтары мен ауруханаларға орналастырылатыны айтылды.

    Өзбекстан үкіметі олардың елде болған уақытында барлық қажеттіліктерін – қонақүйлер, мектептер, азық-түлік және басқа да қажеттіліктерді қамтамасыз етеді.

    Мансұрбек Қиличевтің түсіндіруінше, Өзбекстан Президенті 2024 жылдың ноябрь айында Палестина мәселесіне арналған төтенше араб-мұсылман саммитінде сөйлеген сөзінде Палестина аймақтарындағы әскери операцияларды тоқтату және қауіпсіз гуманитарлық дәліздерді қамтамасыз ету маңызды екенін атап өткен. Ол Ташкенттің жараланған палестиналық балалар мен әйелдерді емдеуге қабылдауға дайын екенін мәлімдеген.

    – Біз Палестина халқына практикалық көмек көрсету мәселесін келесі жылы Самарқандта өтетін "Парсы шығанағы араб мемлекеттері – Орталық Азия" саммитінде де талқылауды жоспарлап отырмыз, – деген болатын мемлекет басшысы.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates