Ферғана мен Новосибирск бағытында тікелей рейс ашылады

    Ресейдің «S7 Airlines» әуе компаниясы Ферғанадан Новосибирскке тұрақты жолаушылар рейсін ашады. Алғашқы рейс 2024 жылдың 19 сентябріне жоспарланған.

    Новосибирск – Ферғана – Новосибирск бағыты бойынша самғауды Airbus A320 маркалы ұшағымен аптасына бір рет – дүйсенбі күндері жүзеге асыру жоспарлануда.

    Бүгінде әуетасымалдаушы Ташкент, Самарқант және Үргеніш халықаралық әуежайларына самғауларды сәтті жүзеге асыруда.

    «S7 Airlines» компаниясының штаб-пәтері Ресей Федерациясының Новосибирск қаласында орналасқан. Компания 26 елдің 180-нен астам қаласын самғаулар арқылы қамтыған Ресейдегі ең ірі жекеменшік әуе тасымалдаушысы саналады, деп хабарлайды Uzbekistan Airports

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates