Облыс өкілдері қырғыз ұлттық ойындарын тамашалады. Ылақ, қыз қуу дәстүрі , үйретілген бүркіттің олжа табу үдерістері саханаландырылған қойылымы көрсетілді. Оқ ату салтанатына ферғаналықтардың өздері де қатысты.
Шара концерттік бағдарламаға жалғасты. Қырғыз халқының эпосы болған «Манас» жырының орындалуын қол соғумен қарсы алды. Фольклорлық ансамблінің дайындаған шығулары, өзбек өнерпаздарының көңілге жағымды әндері жиналғандарды бір серпілтіп, соңы биге жалғасты.
Шара соңында екі облыстың делегация өкілдері бір-бірлеріне естелік сыйлықтар тапсырды.
Содан соң, маңызды келісімдерге, ынтымақтастық байланыстарды одан әрі нығайтуға қызмет ететін екі күндік іссапар аяқталды.