Бұл логистика орталығы «Tashkent Pharma Park» инновациялық кластері аумағында орналасқан. Жобаның жалпы құны 40 миллион долларды құрайды. Үш қабатты әкімшілік ғимарат, қоймалар, қонақ үй, асхана және жатақхана бар, 300-ден астам жұмыс орны ашылған.
Бұл талаптарды қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттарға сай ауа баптау жүйелері орнатылған. Жүктерді тиеу кезінде де температураның тұрақтылығы сақталады. Жиырмадан астам жүк көліктерінде тасымалдау қызметтері ұсынылады. Орталықта осындай көліктер үшін тұрақ және техникалық қызмет көрсету ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Германия, Польша, Франция, Венгрия, Румыния және Түркия сияқты елдермен логистикалық байланыс орнатылған. Бұл география жыл сайын кеңейіп келеді.
Орталықта өнімдерді сақтау аумағы 50 мың шаршы метрді құрайды. Мұнда ірі көлемдегі фармацевтикалық өнімдерді халықаралық стандарттарға сәйкес қабылдап, сақтау және тарату мүмкіндігі бар. Бұл процестер толықтай цифрландырылған.
Мемлекет басшысы осы процестермен танысты.
Логистика орталығы «Tashkent Pharma Park» фармацевтикалық кластеріндегі басқа өндірушілерге де қолдау көрсетеді. Өнімдерді сақтау және экспорттау барысында халықаралық «SAP» жүйесі арқылы практикалық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, дәрі-дәрмектердің сапасын қамтамасыз ету үшін «GDP» және «GSP» сертификаттары, сондай-ақ кеден қоймасы мен халықаралық жүк тасымалына арналған лицензиялар бар.
Бұл талаптарды қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттарға сай ауа баптау жүйелері орнатылған. Жүктерді тиеу кезінде де температураның тұрақтылығы сақталады. Жиырмадан астам жүк көліктерінде тасымалдау қызметтері ұсынылады. Орталықта осындай көліктер үшін тұрақ және техникалық қызмет көрсету ұйымдастырылған.
Қазіргі таңда Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Германия, Польша, Франция, Венгрия, Румыния және Түркия сияқты елдермен логистикалық байланыс орнатылған. Бұл география жыл сайын кеңейіп келеді.
Жауапты азаматтарға өнімдерді сақтау және рәсімдеуде ыңғайлылықтарды арттыру, бағаны төмендетіп, дәрілерді арзандату бойынша нұсқаулар берілді.
Компания фармацевтикалық нарықты үнемі зерттеп, медициналық саладағы қажеттіліктерді де талдайды. Нәтижесінде жеткізу бағыттарының ауқымы кеңейіп келеді. Бұл кәсіпорын ел аумағында 7 500-ден астам дәріханаға өнімдер жеткізеді. Сонымен қатар, онлайн дәріхана қызметі іске қосылып, осы саладағы серіктестер саны да артып келеді.
Мұнда «GPH Academy» жобасы іске қосылып, бірнеше жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатылған. Үш оқу орнында тәжірибелік оқу сыныптары ұйымдастырылды. Үш мыңнан астам фармацевт біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Отызға жуық студент осы жоба аясында стипендия мен грантқа ие болды.