Сапар бағдарламасына сәйкес, Ташкент қаласында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Онда Өзбекстан мен Финляндия арасындағы көпқырлы ынтымақтастықты, ең алдымен саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды кеңейту мәселелері талқыланбақ.
Тараптар өзара сауда айналымын арттыруға, ауыл шаруашылығы, экология, химия, энергетика, цифрландыру, тау-кен өндірісі және өзге де инновациялық салалардағы кооперацияны дамытуға ерекше назар аударады.
Сондай-ақ еңбек миграциясы, мәдениет және білім беру жүйесіне заманауи технологияларды енгізу бағытындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.
Келіссөздер барысында халықаралық маңызы бар өзекті тақырыптар, соның ішінде көпжақты құрылымдар аясында өзара қолдау көрсету мәселелері бойынша да пікір алмасу жоспарланған.








