Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, мақта шикізатын жеткізу бойынша форвард шарттарын жасасу қолға алынған.
Бұл ретте, фермерлік шаруашылықтар форвар шарттарын жасау үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің «CropAgro» ақпараттық жүйесінің кабинетіне кіріп, «Күтілетін өнім бойынша форвард келісімшартын жасасу» түймесін басылады, күтілетін өнімді енгізіп, сақтау түймесін басады. Ақпараттар Биржаның ақпараттық жүйесіне интеграциялау арқылы жіберіледі.
Саудаға шығарылған және тоннамен көрсетілген көлем алдын биржада сатылған фьючерс келісімшартындағы көлем негініде автоматты түрде есептеп көрсетіледі. Форвард келісімшартына сәйкес, мақта шикізаты шаруашылықтардың жеке қаражаты немесе коммерциялық несие есебінен өсіріледі, деп хабарлады министрлік.
Айта кету керек, форвардтық келісімшарттар шаруашылық пен қайта өңдеушілер арасында өзара келісілген баға бойынша жасалады, яғни фьючерстік келісімшарттар үшін белгіленген бастапқы бағалардан тыс жасалуы мүмкін.
Сондай-ақ, мақта шикізатын өз қаражаты және коммерциялық несиелері есебінен өндіріп, қор биржасында сататылған шаруашылықтарға қалыптасқан шот-фактура құнының 10 пайызы көлемінде субсидия бөлінеді.