«Мақта шикізатын өндірушілердің қызметін одан әрі қолдап-қуаттау бойынша қосымша іс-шаралары туралы» Прездент қаулысының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, мақта шикізатын өндірушілерді қолдап-қуаттау және оларға қосымша қолайлылықтар жарату мақсатында Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды.
Белгіленген тәртіпке орай:
- 2023 жылдың өнімінен бастап, мақта-тоқымашылық кластерлері мақта шикізаты толық электронды таразы арқылы қабылдайды;
- қосылған құн салығын мақта шикізаты бойынша қорытынды есеп-қисаптарды жүзеге асыру мерзіміне дейін төлеу және есепке алуға рұқсат етіледі.
2026 жылғы 1 апрельге дейін мақта-тоқымашылық кластерлері мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (фермерлік шаруашылықтары) арасындағы есеп-қисаптар және ҚҚС есепке алу төмендегі тәртіппен жүзеге асырылады:
- мақта-тоқымашылық кластерлері мақта өнімі бойынша қорытынды есп-қисаптар өз мерзімінде жүзеге асырылмаған жағдайда туындаған салық қарыздарлығын ҚҚС төлеушісі саналған ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (фермерлік шаруашылықтары) үш ай мерзімге тең үлестерін бөліп төлеу құқығы беріледі;
Мақта-тоқымашылық кластерлеріне қабылдап алған мақта өнімі үшін электронды есеппарақ-фактурада көрсетілген ҚҚС суммасын ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (фермерлік шаруашылықтары) тарапынан ҚҚС бюджетке төлегеннен кейiн есепке алуға рұқсат берiледi.
2023 жылдың 5 сентябріне дейін аумақтар мен кластерлер кесімінде мақта шикізатын жнап алуға байналысты мәліметтер қалыптастырылатын ақпарат жүйесі іске қосылады, 2023 жылғы 15 сентябрінен бастап «Агроплатформа» ақпараттық жүйесіне біріктіріледі.
Осы ақпараттық жүйенінің «Агроплатформаға» интеграциялануы мыналарды қамтамасыз етеді:
- мақта өсіру саласындағы түрлі қатысушылар арасындағы ақпарат алмасуды және үйлестіруді жақсартады;
- бұл өнеркәсіпте тиімділік пен ашықтықты арттыруға әкеледі және базар тенденцияларын дәлірек талдауға және болжауға көмектеседі.