Яғни, мақта шикізатының бағасы базар экономика талаптарына сәйкес, әр өңірдегі жердің жағдайына, мақта өсіруге кеткен шығындарға және базардағы талап пен ұсынысқа байланысты тікелей алушы мен сатушылардың өзара келісімі негізінде белгіленеді.
Мемлекет басшысының 2023 жылғы 26 январындағы «Мақта шикізатын өндірушілердің қызметін одан әрі қолдап-қуаттаудың қосымша іс-шаралары туралы» қаулысы негізінде фермерлерге өсірген мақта өнімін сатып алушымен өзара келісілген баға бойынша сатуға еркіндік берілді. Мақта өсірілетін алқаптарды насос арқылы суаруда жұмсалатын электр энергиясының 50 пайызына дейінгі бөлігі мемлекет бюджетінен өтеледі.
Айта кетерлігі, өсіруге кететін шығынды азайту мақсатында кластерлер тарапынан тұқымдық, минералды тыңайтқыштар, жанар-жағармай материалдары және өсімдікті қорғау құралдары фермерлік шаруашылықтарына үстемені қолданбай, өткен жылмен салыстырғанда 15-20 пайызға төмен бағаларда жеткізіп берілді.
Сонымен қатар, биыл мақта-тоқымашылық кластерлері мен фермерлік шаруашылықтары 5 мыңнан астам жоғары өнімді ауыл шаруашылығы техникалары мен агрегаттарының сатып алуының нәтижесінде 48 пайыз жерде шит жоғары өнімді заманалық пневматик сеялкаларда егілді. Нәтижесінде 5 мың тонна тұқымдық шит (24 миллиард сумнан астам) және 5 мың тонна дизель жанылғысы (50 миллиардқа жуық сум) үнемделді.
Тамшылатып суару технологиясын енгізудің арқасында мақта алқаптары 300 мың гектарға жуық ұлғайтылып, мақтаны суару істеріне шамамен 1,5 миллиард текше метр су ресурстары, 50 мың тоннадан астам минералды тыңайтқыш (шамамен 200 миллиард сум) және 10 мың тоннаға жуық жанар-жағармай материалдары (90 миллиард сумдан астам) үнемделіп, мақта өсіру қаражаттарын азайтуға әкелді.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 6 марттағы «Мақта саласына базар қағидаттарын кеңінен енгізу жөніндегі іс-шаралар туралы» қаулысымен мақта шикізатының сатып алу бағасын мемлекет тарапынан белігеу жойылған.