Мақта тоқымашылық өнеркәсібіне «Better Work» және «Better Cotton» стандарттары ұсынылады

    Бизнес 31 May 2023 1869

    Астанамызда «Текстиль апталығы» аясында «Тоқымашылық өнеркәсібінде әлеуметтік кәсіпкерлік» тақырыбында форум ұйымдастырылды.

    Оған Олий Мажлис Сенатының Төрайымы, Адам саудасына және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Т.Нарбаева, министрліктер мен кеңселердің басшылары, сондай-ақ ірі халықаралық компаниялар мен шетелдің жұмыс берушілер конфедерациялардың, Өзбекстандағы дипломатиялық өкілеттіктері мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

    Конференцияда тоқымашылық өнеркәсіпорындардың әлеуметтік жауапкершілігі, сондай-ақ, жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістің экологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

    Өз сөзінде Сенат төрайымы күшті саяси ерік-жігердің арқасында Өзбекстанда еңбек қатынастары жүйесі түбегейлі реформаланғанын, азаматтық қоғам өкілдерімен және халықаралық серіктес ұйымдармен, атап айтқанда, Халықаралық еңбек ұйымдармен нәтижелі ынтымақтастықты жолға қойғандығы жайлы айтты.

    Конференция аясында жұмысшылардың құқықтарын қорғау, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі және қоршаған-ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, тоқымашылық өнеркәсібіндегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мен онда елдің экономикалық өсуі мен тұрақты дамуына әсері мәселелері талқыланды.

    Конференцияда Халықаралық еңбек ұйымдары мен Халықаралық Қаржы Корпорациясының тігіншілік өнеркәсібінде лайықты еңбек стандарттары мен кәсіпкерлікті дамытуға қаратылған «Better Work» біріккен бағдарламасын Өзбекстанға енгізу бойынша жобаға старт берілді.

    Сондай-ақ, конференцияда Адам саудасы және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Т.Нарбаева, “Better Cotton Initiative” бағдарламаларының өкілі Рэйчел Бекет және «Узтуқимачиликсаноат» бірлестігінің төрағасы И.Хайдаров арасында «Better Cotton» және Адам саудасы және мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес жөніндегі ұлттық комиссиясы ортасында «2023-2024 жылдары Тұрақты даму бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары», яғни жол картасына қол қойылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Айта кету керек, «Better work» және «Better Cotton Initiative» біріккен бағдарламасын жүзеге асырылуы тігін-тоқымашылық өнеркәсібіне заманауи, энергияны үнемдейтін технологияларды кеңінен қолдану, сонымен бірге өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, халықаралық стандарттар негізінде еңбек қатынастарын жақсарту және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға қызмет етеді.

    Сондай-ақ Өзбекстанның мақта-тоқымашылық өнеркәсібіндегі инвестициялық ортаны жақсарту, салаға әлемдік тоқымашылық өнеркәсібінде танылған брендтердің кіріп келуіне, ең бастысы, көптеген жаңа жұмыс орындарын ашылуына мүмкіндік береді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates