Диалог барысында Өзбекстанда туристерге қызмет көрсететін әуе шары мен аэробар жобасын жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Компания президенті Өзбекстанда әуе шары мен аэробар жобасын тиімді жүзеге асыруға барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
«Компания Франция, АҚШ, Германия, Испания, Польша, Ұлыбритания, Венгрия, Түркия, БАӘ, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Қытай, Таиланд, Камбоджа, Вьетнам, Иордания, Ирак, Тунис, Грузия, Мексика, Бразилия және тағы басқа турим индустриясы дамыған мемлекеттерде осы жоба нәтижелі жүзеге асырылған. Aэробар жобасы Өзбекстан үшін қызықты және сәтті болуға сенімдімін», — деді Жером Гиакомони.