Франциядағы тоқымашылық саласында жұмыс істейтін 2200-ге жуық компанияны біріктіретін Union des Industries Textiles құрамынан 23 аймақтық және салалық бірлестіктері орын алған.
Облыс әкімдігінде өткен кездесуде Францияның тоқымашылық өнеркәсібі бірлестігімен бірге Еуропа базарларына Ферғанада өндірілген тоқымашылық өнімдерін экспорттау болашағы талқыланды.
Икболжон Эргашев қонақтарға облысымыздың экспорттық әлеуеті, республика тоқымашылық және тігін-трикотаж өнеркәсібінде Ферғана облысының алатын оры туралы ақпарат берді, беделді S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі облысқа күшті қаржы индикаторлары мен жоғары экономикалық әлееті үшін В+ «Тұрақты» несие рейтингін бергенін атап өтті.
Жуырда халықаралық «Cotton Campaign» коалициясы мен әлемнің танымал брендтері Өзбекстанның мақта және тоқымашылық өнімдеріне бұрын қойылған бойкоттың алып тастағанына тоқталған облыс әкімінің орынбасары, Еуропа Одағының базарына дайын текстиль өнімдерін шығаруға және экспортты кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер ашқанын айтып, Францияның тоқыма өнеркәсібі бірлестігімен ынтымақтастықты орнату екі тарап үшін де тиімді болатынына сенім білдірді.
Норбер Блан Ферғанада өндірілген келебе-жіп пен боялған маталарды Францияға экспорттау бойынша ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Сондай-ақ, Ферғанадағы университеттерінде тоқымашылық бағытында Францияның жоғары оқу орындарымен біріккен факультет ашу және заманалық технологияларды тиімді пайдалана алатын мамандарды даярлау мәселесінде де ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге келісілді.
Кездесудің күн тәртібінде тоқымашылық секторындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қатынастарды дамытудағы мүмкіндіктерін де талқылады. Кездесуде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру бойынша алдағы шаралар белгіленді, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.