Франция Өзбекстанның тоқымашылық саласына үлкен қызығушылық танытты

    Бизнес 9 Fevral 2023 1003

    Парижде «Premiere Vision» тоқымашылық және тігін-трикотаж көрмелерінің бірі аясында «Өзбекстан: француз брендтері үшін аутсоурсингтің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында бизнес-форум өтті.

    Шарада Өзбекстанда тоқымашылық өнеркәсiбiн дамыту бойынша қаралған дәйектi іс-шаралар, атап айтқанда, кластер жүйесiн құру, салаға қатысты түрлi көрмелер өткiзу, экспорттаушыларды қолдап-қуаттау бағытындағы іс-әрекеттер туралы ақпарат берiлдi.

    Тоқымашылық өнімдерін әлемдік базарға экспорттау, салаға шетелдік инвестицияны тарту мақсатында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар туралы айтылды. Өзбекстанға Еуропа Одағының преференциялар бас жүйесі (GSP+) бойынша бенефициар ел мәртебесін беруі сондай-ақ «Cotton Campaign» бойкотының жойылғаны тоқымашылық саласында халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашқаны баса айтылды.

    Франция тоқымашылық өнеркәсібі бірлестігінің (UIT) экспорт комиссиясының президенті Беатрис Брандт «Ўзтўқимачиликсаноат» бірлестігімен 2022 жылы қол қойылған өзара Түсіністік туралы меморандум негізінде белсенді ынтымақтастық жасап жатқанын атап өтті.

    Ол Өзбекстанға 2022 жылдың октябрь айында Францияның тоқымашылық өнеркәсібі бірлестігінің басшылығындағы іскерлік миссиясы тиімді ұйымдастырылғанын және республиканың тоқымашылық саласының өндірістік әлеуетімен жақынан танысқанын, сондай-ақ осы сапар негізінде өзара ынтымақтастықтың үстем бағыттары белгілеп алғанын атап өтті.

    Атап айтқанда, «UIT» Өзбекстан компанияларының өнімдерін Францияға экспорттау, Еуропа базарына шығу бойынша стратегия жасауға көмектесу, стилист мен дизайнерлердің білімін жетілдіру курстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ Францияда тоқымашылық және мода саласында жұмыс істейтін ұйымдармен қарым-қатынасты дамытуға көмектесуге дайын екенін атап өтті.

    «Premiere Vision» көрмесінің президенті Филипп Паске Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан жүйелі өзгерістерге және республиканың орасан зор өндірістік әлеуетіне назар аударды. Ол елдің GSP+ бенефициар мәртебесін алуы тоқымашлық кәсіпорындарының белгілі брендтердің жаһандық тұрғыдан қамтамасыз ету тізбегіне қосылу үшін жаңа мүмкіндіктер тудырғанын атап өтті.

    Осы орайда, ол бүгінде француз брендтері Өзбекстанға қызығушылық танытып отырғанын, соның айқын мысалы ретінде үш өзбек компаниясы («Ideal Garments», «BST», «Osborne») «Premiere Vision» көрмесін ұйымдастыру комитетінің іріктеу комиссиясынан сәтті өткенін және оған қатысқанын баса айтты. «Біздің көрмемізде Өзбекстан компанияларының санының артуына сенімдімін», - деді Филипп Паске.

    Шара аясында франциялық серіктестермен Өзбекстанның тоқымашылық өнеркәсібін кеңінен насихаттау, өнімнің экспорттық географиясын одан әрі кеңейту, Франция брендтері мен ритейлері, соурсинг компанияларын тартуда жақыннан ынтымақтастық жасауға келісілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.