Үндеуде, Израиль аумағындағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты Майдан арты бұйрығы тарапынан арнайы ескертулер беріледі. Азаматтардан осы белгіленген ресми нұсқауларды қатаң сақтауды сұрады.

Қызыл түстегі ескерту— бқл қауіпті жағдайды білдіреді. Бұл жағдайда сіз:

Сіз ең жақын қорғалатын аймақта болуыңыз керек (бомбадан қорғалатын жер);

Қозғалысты шектеу қажет;

Сиренаны естіген кезде дереу қорғалатын аймаққа кіріп, келесі ескертуге дейін сол жерде болыңыз.

Көк түсті ескерту — қауіптің өткенін және қорғалатын аумақтан кетуге болатынын білдіреді. Баспаналардың жанында тұрудың қажеті жоқ.

Маңыздысы: Кез келген жағдайда да құзырлы органдардың нұсқауларын орындап, жақын маңдағы баспаналар туралы алдын ала ақпарат алыңыз, - делінген хабарда.