Заңмен Қылмыстық-процессуалды кодекске енгізілген өзгерістерге орай, күдікті, айыпталушы немесе сотталушы кез келген уақытта үндемеу құқығын пайдалану мүмкіндігі белгіленді.
Сондай-ақ, егер адамның өз кінәсін мойындауы оған қарсы жалғыз дәлел болса, оны кінәлі деп тануға немесе жазалауға болмайды деп белгіленді.
«Соттар туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға сәйкес, судьялардың белгілі бір істер бойынша есеп бермейтіні белгінеді.
Сондай-ақ судьяны белгілі бір істі қараудан шеттетуге немесе оның өкілеттігін тоқтата тұру не басқа қызметке ауыстыруға заңда белгіленген тәртіппен және негіздерге орай жол берілетіні көрсетілді.
Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.