6 август күні Өзбекстан футбол ассоциациясы ғимаратында әлем чемпионатын жоғары деңгейде өткізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға байланысты жауапты тұлғалардың қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен қалың жұртшылыққа арналған баспасөз конференциясы өтті.
Оған Туризм комитетінің, сондай-ақ Өзбекстан футбол ассоциациясынан жарысты өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің мүшелері қатысты. Баспасөз конференциясында алдымен жарысты кеңінен насихаттауға бағытталған бейнеролик көрсетілді.
Баспасөз конференциясында әлем чемпионатының қатысушысы ретінде елімізге 23 мемлекеттің спортшылар делегациясы келетіні айтылды. Бұдан тыс, Өзбекстаннан әлем чемпионатын тікелей жариялау үшін 5 құрлықтан жүздеген журналист пен блогер келеді. Сондай-ақ, өз елінің футзалшыларын қолдау үшін елімізге он мыңға жуық жанкүйерді қабылдау жоспарлануда.
Бүгінде футзал жарыстары өтетін қалалардағы саяхатшыларға қызмет көрсету үшін барлық жағдай қайта қаралуда. Сондай-ақ, еліміздің Самарқант, Хиуа, Қоқан, Шахрисабз сияқты бірқатар тарихи орындары саяхатшылар ағынын қабылдауға дайын, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.