Техникалық судан ішімдік суы өндіріледі

    Энергия 15 Sentabr 2021 2420

    Газли газды қайта өңдеу зауытында ішімдік суын шығару қондырғысы іске түсіріледі.

    “Узбекнефтгаз” АҚ-ға қарасты Газли газды өңдеу зауытына жеткізіп берілген техникалық судан сапалы ішімдік суды қайта өңдеу қондырғысын сатып алды.

    Бұл туралы “EKO QOMPANI” жекеменшік фирмасымен “ Кері осмос су тазарту қондырғысын” жеткізіп беру бойынша келісімшартқа қол қойды.

    Қазіргі кезде кері осмос жүйелері, су тазалау қондырғысы базарында кең таралуда. Кері осмос жүйелері тұрмыстық қызмет және ішімдік суларды тазарту үшін арналған болып, жер асты, сор суларды терең тазалап, 90-99 пайызға дейін болған заттарды фильтрлейді.

    Газли газды қайта өңдеу зауытында және “EKO QOMPANI” жекеменшік фирмасының мамандарымен бірге “Кері осмос су тазарту қондырғысы” орнатылды және іске түсірілді.

    Осы суды тазалау қондырғысы сағатына 500 литр ішімдік суын қайта өңдеп , жұмысшыларға жеткізіп беруге қызмет етуде, деп хабарлады “Узбекнефтгаз” АҚ баспасөз қызметі.