Бундесвердің хабарлауынша, 15 қаңтар күні Германия Гренландияның астанасы Нуук қаласына 13 әскери қызметкерді жібереді.
Германия әскерилері, басқа Еуропа елдерімен бірге Данияның шақыруына орай 15–17 қаңтар аралығында разведка миссиясына қатысады. Олар Airbus A400M транспорт ұшағымен жолға шығады.
“Мақсат аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, атап айтқанда теңізді бақылау мүмкіндіктері тұрғысынан Данияны қолдау мақсатында барынша әскери үлес қосу шарттарын зерделеу. Құрлықтағы разветка өзге серіктес мемлекеттердің өкілдерімен бірлесіп жүргізіледі, деп айтты Бундесверда.
Bild басылымының хабарлауынша, бастапқы жоспар жағдайды бағалау және кейінгі орналастыруға дайындық жүргізу үшін Гренландияға разведка бөлімшесін қамтыған Бундесвердің алдыңғы шептегі топты жіберу көзделген.
Сондай-ақ Дания Гренландиядағы әскери қатысуын едәуір күшейткенін жариялағаны және Еуропадағы НАТО-ға мүше басқа елдерден де осыған ұқсас қадамдар күтетіндігі айтылған.
Әскери күштерді тарту ресми түрде НАТО қамқорлығымен жүзеге асырылып жатқанына қарамастан, Bild мәліметінше, операцияны Одақ емес, Копенгаген үйлестіріп отыр. Бұл тәсіл АҚШ-қа деген сенімсіздікпен байланысты болып, операция Америка Құрама Штаттарының қатысуынсыз іске асырылуда. Бұл туралы korrespondent.net хабарлады.
БАҚ деректеріне сәйкес, Германия тарапынан бұл үдеріске Қорғаныс министрлігі мен жетекші рөл атқаратын Федералды канцлер канцеляриясы тартылған. Таулы әскерлердің оқу-жаттығу миссиясынан бөлек, операцияға қатысуға негізгі үміткерлер ретінде әскери-теңіз флоты мен әуе күштері қарастырылуда.