Германия компанияларымен бірқатар жобаларды жүзеге асыру бойынша қосымша нақты іс-шаралар белгіленді

    Үстіміздегі жылдың 14-15 октябрь кјндері Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Қудратов Берлин қаласында Германия Федералды канцлерінің кеңесшісі Ш.Меермен, Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша Федералды министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Н . Аннен, KfW IPEX-Bank және Германия экономикасы Шығыс комитетінің басшыларымен келіссөздер жүргізді.

    Кәсіптік білім беру жүйесі мен медициналық мекемелерді жаңғырту, әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықты қолдап-қуаттау, қоршаған ортаны қорғау, сумен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру жобаларына жеңілдетілген және гранттық қаражат бөлу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

    Жаңғырту үдерістерін, инновацияларды енгізу, экспорттық, корпоративтік және сауда бағытындағы жобаларды тәуелсіз қаржыландыру туралы келісімге қол қойылды.

    Білім беру саласындағы ынтымақтастықты тереңдету, өзбекстандық мамандар үшін біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру, болашақта Германия кәсіпорындарында жұмысқа орналастыру бойынша іс-шаралары келісілді.

    Сондай-ақ Германияның Edison Technologies, AMK Global, GessCon, Aurubis, HMS Bergbau, Hypercon Solutions, Binz Automotive, Ernst Klett, Siemens Healthineers, Rhenus Group, Linde, ITEL сияқты ірі компаниялардың басшыларымен кездесулер өтті.

    Химия өнеркәсібі, геология, медициналық құрал-жабдықтары мен күн панельдерінің қосалқы бөлшектерін өндіру, құрылыс материалдары, көміртекті талшықтар, заманалық логиятикалық орталықтарды жарату сияқты Өзбекстанға жасаған жоғары деңгейдегі сапары кезінде келісілген жобаларды жүзеге асыру туралы қосымша нақты шаралар белгіленді.

    Талқыланған жобаларды жедел жүзеге асыруға қолдау көрсету үшін кешенді іс-шараларды қабылдауға өзара дайындық білдірілді. Әрбір неміс компаниясына ерекше инвестициялық менеджерлері бекітілді, ИӨСМ, Өзбекстан Республикасының Германиядағы Елшілігі, Германияның Федералды канцеляриясы мен Германия экономикасының Шығыс комитеті арасында тұрақты түрде бейнеконференциялық келіссөздер жүргізіп, жоба үдерістерін үйрену және қажетті жедел шаралар қабылдау бойынша істерді ұйымдастырудың жаңа алгоритміне келісілді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates