2021 жылдың 16 июлінде Лар қаласының Edeka орталығына тікелей Өзбекстаннан пәлегінен үзілген қауындар әкелінді. “Торпеда” немесе “Мырзашөл” қауыны өзінің көлемі және өзгеше дәмімен белгілі, деп жазды Edeka Kohler – өзінің Facebokтегі парақшасында.
Супермаркеттегілер “ өз сөрелерінде осы сирек кездесетін тауардың болғанына қуанышты”. Бұл қауындар Өзбекстаннан алыста да танылған. Олар негізінен Ресей мен Шығыс Еуропада қадірленеді. Бұл сұрыпты қауындар өзінің ақ реңі, “тойымдылығымен” , тіл үйірер дәмділігімен және аңқыған исімен ерекшеленеді деп бейнелейді AgroExpoUzbekistan.
Өзбекстан қауындарымен толтырылған бірінші жүк автомашинасы Лардаги Arena сауда орталығына келіп тоқтады. Сауда орталығына Өзбекстанның Германиядағы елшілігі, сондай-ақ басқа саяси және іскерлер аясындағы қонақтар да келген.
Қауындардың алғаш рет жеткізілуі — бұл Өзбекстаннан әкелінген ауыл шаруашылығы өнімдері импорты мен ынтымақтастықтың кеңеюі үшін белгі болып қызмет етеді, деп жазды EastFruit.