Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған фестивальге республикамыздың түрлі аумақтарында қызмет көрсететін, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан және Ресей елінен 300-ден астам тәжірибелі омарташылар қатысқан еді.

Бұл ретте, «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға және әлеуметтік қорғауға мұқтаж әйелдерге бал таратамыз!». акциясы арқылы 2 тонна бал тегін таратылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, сатылымға шығады. Бал ара шаруашылығы өнімдерін сатып алуға ғбден мүмкін.

Танымал әртістердің қатысуымен гала-концерттер мен тағы басқа да шаралар ұйымдастырылады. Ынтымақтастық туралы ресми құжаттарға қол қойылады.

Шебер омарташылар мамандар тарапынан жеті бағыт бойынша лайықты бағаланады. Жеңімпаздар облыс әкімдігі, туризм басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталады.

– Үш күнге созылатын халықаралық бал фестивалі Наманғанды ​​әлемге танытумен бірге, облыс туризмінің ерекшелігімен «шақыру қағазына» айналатыны сөзсіз, – дейді облыс әкімінің орынбасары Ботирхан Нуриддинов.

Осы сәтті пайдалана отырып, барша отандастарымыз бен шетелдік туристерді осы тамаша мерекеге шақырамыз!

Орифжон Жураев,

«Жаңа Өзбекстанның» тілшісі.