Орталық әскери округте орналасқан «Фориш» таулы полигонында Өзбекстан мен Қазақстан әскери қызметшілерінің арасында бірлескен арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларына старт берілді.
«Ханжар-2024» атауымен ұйымдастырылған жиынға қатысушылар екі бауырлас елдің тулары мен әнұрандары шырқалып, саф түзеп алаңнан жүріп өтті.
Ашылу салтанатынан кейін Қазақстан әскери делегациясы жетекшілерімен өткен брифингте оқу-жаттығу бағдарламасының жоспарлары талқыланды. Он күндік арнайы-тактикалық оқу-жаттығу жиынында көптеген практикалық жаттығулар бойынша өзара тәжірибе алмасуға келісілді. Атап айтқанда, «Ханжар-2024» арнайы-тактикалық оқу барысында екі елдің әскери қызметшілері түрлі жауынгерлік қару-жарақпен оқ ату, шартты түрде тұрғындар тұратын аумақтарда соғыс жүргізу және әрекеттерді талдау үдерістерін жүзеге асырады.
Достық рухымен басталған оқу-жаттығу жиыны барысында қонақтар үшін ұлттық тағамдар күні, футболдан жарыс және Самарқант қаласына саяхат шараларын ұймдастыру жоспарланған.