Өзбекстан мен Ресей әскерилерінің қатысуымен «Ынтымақтастық-2025» халықаралық оқу-жаттығуы басталды

    Әскери шекара 15 Iyul 2025 6707

    Оңтүстік-батыс әскери округіне қарасты «Термиз» жалпыәскери полигонында Өзбекстан мен Ресей әскери қызметкерлерінің қатысуымен «Ынтымақтастық-2025» оқу-жаттығуы басталды.

    «Заңсыз қаруланған құрылымдарды жою бойынша әскерилердің арнайы қозғалысы» тақырыбындағы өткізіліп жатқан ынтмақтастықтағы халықаралық оқу-жаттығу кеше, 14 июль күні салтанатты түрде ашылғаны атап өтілді.

    Осы оқу-жаттығуларға 400-ге жуық әскери қызметшіден құралған арнайы бөлімшелері жұмылдырылып, Ресей тарапы өздерінің әскери техникасымен қатысуда. Екі елдің әскери қызметшілері жауынгерлік жағдайда бөлімшелерді бірлесіп басқару, мемлекеттік шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету, шартты түрде дұшпанды жою сияқты түрлі арнайы тапсырмаларды орындайды.

    Оқу-жаттығу аясында жауынгерлік дайындық бойынша жаттығулар, мәдени-сауықтыру шаралары мен спорттық жарыстар өткізілуі жоспарланған.

    10 күндік оқу-жаттығу екі ел арасында қол қойылған әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес өткізіліп жатқанын естеріңізге саламыз.