Өзбекстан мен Үндістан Қорғаныс министрліктері арасында қол қойылған екіжақты әскери ынтымақтастық жоспарына сәйкес, еліміздің 45 жуық әскери қызметшілері 2023 жылдың 2023 жылдың февраль-март айларында “Дўстлик-2023” бірге өзбек-үнді оқу-жаттығуында қатысу үшін Нью-Дехлидегі Индира Ганди атындағы халықаралық әуежай арқылы Уттаракханд штанының Питхорагарх қаласындағы таулы аумаққа орналасқан Garhwal Rifles14-батальонға жетіп келді.
Өзбекстан мен Үндістан республикаларының арасында әскери ынтымақтастық 2019 жылы, яғни Ташкент әскери округі аумағындағы жалпыәскери полигонында бірінші рет өткізілген “Достық” ынтымақтастықтағы өзбек-үнді оқу-жаттығуларынан соң жаңа басқышқа көтерілген еді.
Осыдан кейін осы оқу-жаттығулардың екіншісі 2021 жылы Үндістанның Утаранчал штаты, Раникхет провинциясының аумағында орналасқан “Чаубатия” оқу орталығында өткен, бұл Үндістанмен әскери байланыстарды одан әрі нығайтуға және жауынгерлік операцияларды жоспарлау мен жүргізудің озық тәжірибелерімен алмасуға мүмкіндік болған еді.
Үшінші рет өткізілген “Достық–2022” оқу-жаттығулары Хорезм облысында орналасқан Солтүстік-батыс әскери округінің «Яңгиарық» жалпыәскери полигонында ұйымдастырылып, екі елдің әскери қызметкерлерінің жаңа білім мен тәжірибе алмасуына негіз болды.
«Достық-2023» ынтымақтастықтағы оқу-жаттығуының салтанатты ашылу рәсімі Өзбекстан және Үндістан республикаларының мемлекеттік туларын көтеруден басталды. Мұнан соң, екі қатысушы елдің құрметіне Үндістанның, одан кейін Өзбекстанның мемлекеттік әнұранды үндістандық әскери оркестрдің орындауында шырқалды.
Салтанатты шараға қатысқан Garhwal Rifles 32-бригада командирінің бргадирі Маянк Ваид сөз сөйлеп, осы оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мен өткізуге үлкен мүмкіндіктер жасап берген екі елдің басшыларына шынайы алғысын білдірді.
Өзбекстан Республикасы әскери контингенті атынан сөз сөйлеген Қорғаныс министрлігінің жауапты офицері подполковник Шавкатжон Сармонқулов бүгінде екі елдің арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, медициналық және туризм салаларындағы ынтымақтастықпен бірқатар әскери салада да ынтымақтастық байланыс орнағанын айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салтанатты шарадан кейін екі елдің әскери контингентінің өкілдері үшін брифинг және ұжымдық суретке түсу де ұйымдастырылды.
Оқу-жаттығудың бірінші күнінен бастап қатысушылар Үндістан мемлекетінің тарихы, мәдениеті, аумақтық бөлінуі, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері, әскери әлеуеті мен қорғаныс күші, армияның ұйымдық құрылымы туралы ақпарат алды.
Содан кейін бірлескен оқу-жаттығуға қатысушыларға Үндістан қарулы күштерінде қолданылатын қару-жарақтар таныстырылды.
Ескертеміз, ынтымақтастықтағы оқу-жаттығу ағымдағы жылдың 20 февралінен 5 март аралығында жалғасады. Бірлескен оқу-жаттығу аясында екі елдің әскери қызметшілерінің шартты лаңкестік топтарын іздестіру және жою, таулы кедергілерді еңсеру және таулы орман жағдайында жауынгерлік операцияларды орындау сияқты арнайы міндеттерді сондай-ақ спорт және мәдени-ағарту шаралары өткізілуі жоспарлаған.
Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті.