«Hanshin Engineering & Construction Co Ltd.» компаниясы Қоқан қаласында Корея сапасы мен технологиясы негізінде 5 мың пәтерлік  K-Town тұрғын үй кешенін салуды жоспарлап отыр. Хайрулло Бозоров басшылығындағы  Ферғана облысының өкілдері  Кореяның әкімшілік астанасы Седжонг қаласында салған нысандарын аралап көріп, компанияның әлеуеті мен құрылысы аяқталған нысандардың сапасын үйренді.

Hanshin компаниясы тарапынан  Седжонг аумағында жалпы 12,5 мың пәтерлік 13 тұрғын  үй кешені жобасын жүзеге асырды, оның 11-і пайдалануға берілген.

Әр бір кешендегі 20 қабаттан  50 қабатқа дейінгі көпқабатты үйлер ең озық құрылыс стандарттары негізінде, «жасыл кеңістік» қағидаттары мен тұрғындар сұранысын ескере отырып құрылған.

Кешендерді жобалау кезінде олардың әрқайсысында балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары, серуендеу алаңы, демалыс орындары, жасыл аймақтар, велосипед сақтау жерлері, жер асты автотұрақтары, заманалық қоқыс жәшіктері, жаңадан құрылып біткен кешендердің аумағына көпжылдық ағаштар егілгеніне назар аударылды.

Жасау үшін  дайын күйінде үй иелеріне тасырылған пәтерлер  59, 84 және 115 шаршы метрді құрайды, олардың әрқайсысында өмір сүрудің ең керекті сипаттары ескерілген. Ең кішкене пәтерде жатын бөлме, қонақ үй, балалар бөлмесі, екі ванна бөлмесі, кір жуатын бөлме, гардероб, ас үй және шағын балкон бар.

Hanshin компаниясының басшысы Чой Мун Кю облыс әкіміне Қоқанда жүзеге асырылуы жоспарланған жобада тек Седжонг қаласындағы кешендерде қолданылған  әрбір стандартпен қамтып қана қоймай, тұрғындарға да көбірек қолайлылық жасайтынын айтты.

Ертең Ферғана облыстық әкімшілігі мен «Hanshin Engineering & Construction Co Ltd.»  компаниясы арасында Қоқан қаласында құрылатын тұрғын үй кешені бойынша инвестициялық құжаттарға қол қою жоспарланған, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімінің баспасөз қызметі.