Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының климаттың өзгеруі, денсаулық және қоршаған орта мәселелері бойынша департаментінің директоры Мария Нейра: — «Ауаның ластануы жыл сайын 7 миллион адамды өлтіреді», — дейді. Бұл да көптеген ауруларды асқындырып жіберуде.
Мысалы, атмосферадағы улы заттар өкпе арқылы қан айналымы жүйесіне еніп, жүрек-қан тамырлары ауруларын тудыруы мүмкін.
Ғалымдардың пікірінше, ауадағы азот диоксиді мөлшерінің артуы тыныс алу жолдарының проблемаларын, әсіресе бронх демікпесін тудыруы мүмкін деп санайды.
Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлем елдерін ауаның ластануына жол бермеу үшін тиімді шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.