Яғни, енді медициналық анықтаманың бұл түрін my.gov.uz – Бірыңғай нтерактвті мемлекеттік қызметтердің порталы арқылы онлайн алуға болады...
Бірақ, азаматтарымыз алдын ала медициналық тексеруден өткен болуы қажет.
Бір басынан айтатын болсақ, азамат алдымен автомектепке барады. Ол жерде бірнеше құжат сұралады, оның бірі – азаматтың көлікті басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтама. Оны алу үшін емдеу мекемелерінде ұйымдастырылған жүргізушілер медициналық тексеру комиссиясына барады. Негізгі жұмыс осында атқарылады.
– Бұл комиссиялар тұрғындарымызға қолайлылық жасау мақсатында құрылған, – дейді Ташкент қаласындағы №3 клиникалық аурухананың бас дәрігері Гүлрух Умарова. – Сонымен қатар, біздің мекеме қасында да дәл осындай құрылым бар, ол жерде көп құжат талап етілмейді, төлқұжат пен фотосурет болса болды. Сондай-ақ мемлекеттік салық та бар. Осыдан кейін азаматты қажетті дәрігерлерге жібереміз.
Ең бастысы, ол бір кездегідей бір ауруханадан екінші ауруханаға барып жүрмейді. Мұнда барлық қажетті мамандар шоғырланған және қысқа мерзімде тексеруден өтеді.
Нәтижелері келесі күні белгілі болады және бірден my.gov.uz – бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызметтер порталында орналастырылады. Егер азамат анықтаманы қағазға шығарғысы келсе, оны біздің қызметкерлер бірден шығарып береді.
Медициналық тексеру кезінде азаматтан қандай да бір ауру анықталса, тиісті тәртіппен емделуге жолдаймыз. Уақыт өте келе бұл кедергі жойылған соң, ол жүргізуші куәлігін алуға әрекет жасаса болады.
Егер адам 55 жастан асқан болса, міндетті түрде қосымша медициналық тексеруден өту қажет. Мысалы, осы жастағылар жүрек кардиограммалық тексеруден өтеді. Бұл ең алдымен олар үшін тиімді.
Оған қоса, белгілі бір ауруға шалдыққан азаматтарға 6 айға анықтама беруге болады. Неліктен 6 ай? Өйткені, осы уақыт ішінде денсаулығы түзелсе, анықтаманың мерзімі ұзартылады.
Осыдан кейін жоғарыда айтылғандай түрлі себептермен тексерілген азаматтың медициналық тексеру нәтижесі порталда бірден көрініс табады. Қажет болса, анықтаманы онлайн алуға да болады.
Жалпы, жүргізуші куәлігін алу үдерісі жеңілдетіліп, уақыт қысқартылды. Яғни, бүгін бұл жұмысқа кіріскен адамның денсаулығында ақау болмаса, яғни 083/х формадағы медициналық анықтаманы алуға медициналық кедергілер болмаса, анықтаманы келесі күні ала алады.