Ешбір емдеу адамилық мейірімділікке тең келмейді

    Туризм 20 Sentabr 2023 1219

    Биыл февраль айында Түркия Республикасында болған жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен жасы ұлық бір топ қарттардың Өзбекстанға саяхат ұйымдастырылуда.

    Өзбекстан Үкіметінің бастамасымен жүзеге асырылған қайырлы шаралар үдерісіне 30 адамнан құралған түркиялық бауырларымыз жұмылдырылған.

    18 сентябрьде Ислам Каримов атындағы «Ташкент» халықаралық әуежайда Түркия делегациясының өкілдерін Туризм комитетінің жауапты қызметкерлері, Ташкент қаласы әкімінің орынбасары, Республикалық «Нурони» қоры, Қолөнершілер бірлестігінің басшылығы қарсы алды. Қонақтар сол күні Ташкент қаласында Хазірет Имам және Сузук ата кешендерін зиярат етті.

    «Жер сілкінісінің сұмдығы біздің жүрегімізде өшпес із қалдырды. Апат менің отбасымнан 7 адамды – жан жолдасымды, екі ұлым, бір қызым, қайын енем, қайын атам және нағашы атамды алып кетті. Отбасынан мен жалғыз қалдым. Мен басымнан өткен жағдайды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Үйсіз және жалғыз болу қорқынышты түс болды. Психологиялық көмек пен оңалту емдерін алдым. Ешбір адам мейірге тең емес. Құдай бізге жақсы адамдарды көмектесуге жіберді. Бауырлас Өзбекстанның құтқарушылар тобы бірінші болып көмек қолын созды. Өзбекстанға саяхат жасау, қайғымыздан арылу үшін ең жағымды ұсыныс болды. Отанымызға саяхат жасау, рухани мұрамыздың бесігі саналатын жерлерді зиярат ету көңілімізді көтеру, рухымызды жаңғырта түсетініне күмәнім жоқ. Бауырлас өзбек халқына қанша алғыс білдірсек аз», деп өз пікірін білдірген саяхатшылардың бірі Эмине Ақсу.

    Саяхатшылар 7 күн барысында еліміздің туризмі дамыған аймақтарды: Ташкент, Жызақ, Самарқант, Бұхара және Хорезм облыстарына саяхат жасайды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates