Өзбекстан жастарының өнерін осы жоғары оқу орнында білім алып жатқан 80-нен астам елдің өкілдері қошеметпен қарсы алды.
– Бұл іс-шара түрлі халықтардың ұлттық құндылықтары мен мәдени мұраларының үлгілерін көрсетуге қолайлы мүмкіндік болумен бірге жас студенттер арасында бірлік, достық пен өзара түсіністік рухын нығайтуға да қызмет етті, – дейді университеттің 2-курс студенті Нафосат Шокиржонова. – Оған Өзбекстан құрамасы белсене қатысты. Түрлі мемлекет пен ұлт өкілдері жиналған ортасында еліміздің Әнұранын шырқау бізге мақтаныш сезімін ұялатты.
Еліміздің жастары Үндістанның жетекші университеттерінің бірінде ұйымдастырылатын әрбір шарада Жаңа Өзбекстан өміріндегі тарихи жаңару үдерісінің мәні мен маңызын кеңінен насихаттауға ұмтылуда, деп хабарлайды «Дунё» АА.