Бұл туралы Азаматтық авиацияның бас басқармасы (DGCA) хабарлады.

DGCA мәліметінше, Redbird Airways әуе компаниясының Beechcraft C90 ұшағы Ранчи қаласынан Нью-Делиге ұшып бара жатқан. Ұшу басталғаннан шамамен 23 минут өткен соң, экипажбен байланыс үзіліп, ұшақ радардан жоғалып кетті. Апат шалғай, орманды аймақта орын алып, құтқару жұмыстарын қиындатқан. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми мәлімет жоқ. Апатқа қатысты тергеу басталды.

Ұшақ  Нью-Делиге денесінің 60 пайызын күйік шалған 41 жастағы ер адамды алып бара жатқан, деп хабарлайды report.az.