Қазірде Қазақстанда Өзбекстан азаматтарының ұсталғаны туралы ақпарат жоқ — Сыртқы істер министрлігі

    Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Қазақстандағы оқиғалар туралы ақпарат берді.

    Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі көрші Қазақстандағы жағдайды тұрақты бақылап отыр.

    Өзбекстанның Қазақстандағы дипломатиялық өкілеттіктері – Нұр-Сұлтандағы елшілікте, Алматы мен Ақтаудағы бас консулдықтарында жедел штабтар құрылды.

    Қиын жағдайда қалған азаматтарға ерекше көңіл бөлінуде. Студенттермен байланыс орнатылды. Оларға қажетті көмек көрсетілуде. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында рейс күтіп тұрған азаматтарға ыстық тамақ берілді.

    Қазақстан аумағында болып тұрған Өзбекстан азаматтарымен, олардың туыстары мен жақындары арасында байланыс орнату үшін шұғыл көмек көрсетілуде.

    Алматыдан Өзбекстанға қайтқысы келетін азаматтардың тізімі жасалды. Олар “Uzbekistan airvays” компаниясының кезектегі рейстері арқылы Отанға қайтарылады. Қазіргі уақытта Алматы әуежайы жабық күйінде қалды.

    Өзбекстанның дипломатиялық және консулдық мекемелері Қазақстанның құқық-тәртіп кеңселерінің өкілдерімен жер-жерлерде тұрақты байланыста болуда. Қазірде Өзбекстан азаматтарының ұсталғаны туралы мәлімет жоқ.

    Министрлік ескертіп өтеді, еліміздің азаматтары өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша Өзбекстан Республикасының Нұр-Сұлтан (тел. нөмірі: +7 771 0203673), Алматы (телефон нөмері: +7777 950 44 33), Ақтау (телефон нөмері : +7777 5990051) қалаларындағы дипломатиялық өкілеттіктеріне жүгіне алады.